Шифрланған құрылғылар тізімін қарау

Ақпараты шифрланған құрылғылардың тізімін көру үшін:

  1. Басқару сервері консолі ағашында Деректерді шифрлау және қорғау қалтасын таңдаңыз.
  2. Келесі тәсілдердің бірімен шифрланған құрылғылар тізіміне өтіңіз:
    • Шифрланған құрылғылар тізіміне өту сілтемесі бойынша Шифрланған құрылғыларды басқару бөліміне өтіңіз.
    • Консоль ағашында Шифрланған құрылғы қалтасын таңдаңыз.

Нәтижесінде, жұмыс аймағында шифрланған файлдары бар желідегі құрылғылар және диск деңгейінде шифрланған құрылғылар туралы ақпарат ұсынылады. Құрылғыдағы ақпарат шифрсызданғаннан кейін, құрылғы тізімнен автоматты түрде жойылады.

Құрылғылар тізіміндегі ақпаратты кез келген бағанның деректерінің өсуі немесе азаюы бойынша сұрыптауға болады.

Консоль ағашында Деректерді шифрлау және қорғау қалтасының болуы немесе болмауы Деректерді шифрлау және қорғау тарапынан анықталады.

Басына оралу